Су тасқыны: Спортшылар елмен бірге

Су тасқыны: Спортшылар елмен бірге
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Еліміздегі 32 спорт федерациясы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға материалдық көмек көрсетті.

Туризм және спорт министрлігі «Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігімен халыққа бірлесе көмектесіп жатыр. Спорт ұйымының өкілдері гуманитарлық көмекті қабылдау және халыққа тарату пункттерін ұйымдастырды. 

Ерікті ретінде су тасқынына қарсы іс-шараларға 7700-ден астам сала мамандары мен спортшылар тартылған.

Спортшылардың арасында аралас жекпе-жек шебері Василий Тахтай, грек-рим күресінен Азия чемпионы, Лондон Олимпиадасының қатысушысы Асхат Ділмұхамедов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрғали Тұрсынғазиев, «Қазақ күресі» ассоциациясының БҚО бойынша президенті Әсет Сұлтанұлы және тағы басқа да танымал спортшылар бар. Қазақ «Апат айтып келмейді» деп бекер айтпаған. 5 облыста 13 спорт нысаны су астында қалды. Қысқа мерзімде аталған спорт кешендерін қалпына келтіру жоспарланған. Дегенмен халықтың ынтымақ-бірлігінің нәтижесінде бұл тығырықтан да шығарымыз анық,- деді Ермек Маржықпаев.

Baq.kz