Жыл басынан бері елордада көліктердің өртенуі жиіледі. Астана қаласы ТЖД мамандары қала тұрғындарына жолда жүру кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін еске салады.
ТЖД көліктердің өртенуіне электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі себеп болатынын атап өтті.
Егер көлік қозғалыс кезінде өртенсе, мынадай әрекеттерді орындау керек:
- көлікті дереу тоқтатып, жолаушыларды салоннан эвакуациялаңыз;
- 101 нөміріне қоңырау шалып, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;
- қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босату, аккумуляторды дереу ажырату және өрт сөндіргішті қолдану керек. Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр сұйықтықты бірге алып жүргеніңіз жөн. Оның көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;
- қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолдаңбаңыз, ол электрсымдарының қысқа тұйықталуына және жанар-жағармайдың жануын өршітуі мүмкін;
- егер өрт көліктің артқы жағына таралса, дереу аулағырақ кетіп, бас сауғалаңыз;
- егер автокөлік гаражда өртенсе, оны сыртқа шығарып сөндіріңіз;
- егер сол сәтте қолыңыз не үстіңіз май немесе бензин болса, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін.
Дереккөз Zakon.kz. Фото: www.drive2.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через