фото: https://www.pexels.com/ru-ru/
Apple қолданушыларды су болған смартфондарды күрішке салмауға шақырды, өйткені оның кішкентай бөлшектері құрылғының ішіне кіріп, зақымдауы мүмкін. Дұрысы — телефонды құрғақ жерде қалдыру, дейді технологиялық компания.
Ғаламторда су телефонды күрішке салу керек деген танымал миф бар және көп адам солай жасайды.
2014 жылы электронды құрылғыларды жөндеу қызметі жүргізген зерттеу күріш ұялы телефонды кептіруге көмектеспейтінін көрсетті. Зерттеушілердің айтуынша, құрылғыны құрғақ жерде қалдыру — әлдеқайда тиімді.
Мұндай жағдайда Apple телефонды қуаттауға болмайтынын айтады, бірақ смартфонның артқы жағы құрғақ болса, сымсыз зарядтағышты пайдалануға болады.
Егер iPhone суланса, ондағы «артық сұйықтықты кетіру үшін қосатын жағын төмен қаратып» қолыңызбен түртіп, құрғақ жерде қалдырыңыз. 30 минуттан кейін оны қайта қуаттауға болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через