фото: azertag.az
Жер деңгейінен 105 метр төмен метро құрылысы ең төменгі шегіне жетті.
Ақпарат көзінің мәліметінше, жақында бір топ құрылысшы Зёдермалм аралындағы София станциясында жер деңгейінен 105 метр тереңдікте жарылыс жұмыстарын жүргізді. Бұл әлемдегі ең терең метро станцияларының бірі болады.
Құрылыс 2030 жылы аяқталса, София станциясының платформасы көне жартастың 100 метр тереңдігінде өз орнын алады. Қалған 5 метр тереңдікте технологиялық кеңістік орналасады.
2025 жылы өлшемі 20/20 метрге жететін шахта ашу жоспарлануда, онда сегіз жоғары жылдамдықты София лифтілері орнатылады. Әрбір лифт секундына төрт метр жылдамдықпен 40 жолаушыны перронға дейін жеткізеді. Бір бағытта төмен сапар 30 секундтан аз уақытты алады. Тиісті эскалатормен жүру шамамен 20 есе ұзағырақ болады.
Осы тақырыпқа байланысты айта кетсек, еліміздегі тұңғыш метроның алғашқы кірпіші осыдан 35 жыл бұрын қаланған. Алматы метросының алғашқы шөміш топырағы 1988 жылдың 7 қыркүйегінде қазылды. Бүгінде метроның 11 бекеті жұмыс істейді және тағы жаңа екі бекет салынып жатыр.
Алматы метрополитенінің құрылысын жүргізуде құрылысшылар да талай қиындыққа тап болды. Ең басты қиындық Алматының сусымалы және құм аралас топырағы. Бұл жағдай кей бекеттерде тәулігіне 3 метр ғана қазуға мүмкіндік жасады. Әлемде мұндай топырақ түрлерімен осыған дейін тек австриялықтар ғана жұмыс істеген көрінеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через