фото: https://pixabay.com/ru/
Шри-Ланкада Қазақстанның он алты жастағы азаматы қаза болды. Қазір марқұмның денесін елге жеткізу үшін әуе компаниямен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Қазақстанның Үндістандағы елшілігіне кәмелетке толмаған қазақстандық Шри-Ланка ауруханасында ауыр хәлде жатыр деген ақпарат түскен.
"Ақпаратты тексере келе, 5 наурызда жасөспірім серфингпен айналысып жүріп, суға батып кеткені анықталды. Ол бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ, өкінішке қарай бала қайтыс болды. Қазір біздің консул баланың әке-шешесімен байланыста. Барлық құжат рәсімделіп жатыр. Марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін арнайы әуе компаниямен келіссөз жүргізіліп жатыр", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Оның айтуынша, көз жұмған қазақстандық 16 жаста. Бірнеше жыл бойы әке-шешесімен Шри-Ланкада тұрған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через