ШҚО тұрғыны Қызыл кітапқа енген балықты аулағаны үшін 3 млн теңге айыппұл төлейді

ШҚО тұрғыны Қызыл кітапқа енген балықты аулағаны үшін 3 млн теңге айыппұл төлейді

       Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген балықты аулағаны үшін 3 млн теңге айыппұл төлейді.

       Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері мен полицейлер бірлесіп рейд жүргізген. Соның барысында Қызыл кітапқа енген балықты аулаған адам анықталды.

       Тексеру барысында құқық бұзушыдан салмағы 4,2 келі болатын бір Таймен балығы тәркіленді. Айтуынша, бұл балық Бұқтырма өзенінен ауланған.

       «Осының салдарынан мемлекетке келтірілген шығын мөлшері – 3 105 000 теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабына (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, сақтау, өткізу, тасымалдау немесе жою) сәйкес іс қозғалды», - делінген ақпаратта.

       ҚазАқпарат