Ойын-сауық және бос уақыт

Бөлісу

«Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясы қазақша аударылды

«Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясы қазақша аударылды

2023 жылдан бастап Nickelodeon телеарнасы «Шаршы шалбар Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясын қазақ тілінде көрсетеді. Бұл туралы аталған телеарнаның вице-президенті Мария Косарева айтты.

«Келесі жылы кішкентай көрермендеріміз тамашалайтын контентке қысқаша тоқталып өтсем. Ол - «Коралл» лагерінің жалғасы, яғни «Шаршы шалбардың» (Спанч Боб) балалық шағы. Бұл достық жайындағы тамаша оқиға және әртүрлі адамдардың ортақ тіл табысуы жайында сыр шертеді. Мультфильм - International мен Nickelodeon Үндістанның бірлескен туындысы», - деді ол елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумында.

Оның айтуынша, оқиға желісінде екі ағайынды уақыт машинасын тауып алып, саяхатқа шығады.

Мультфильмде батыс пен шығыстың мәдениеті тамаша үйлестірілген.

«Жалпы келесі жылы көрермен 400-ден астам серияны қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік алады. Мұнан өзге де тосынсыйлар әзірлеп жатырмыз», - деді Мария Косарева.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото Twittercatherineasquithgallery.com

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через