фото: https://sib.fm
Тайвань бүгін бірнеше рет жер сілкінді.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, ең күштісінің магнитудасы 7,3-ке жеткен. Соңғы мәлімет бойынша, 7 адам опат болды. 700-ден астамы жараланған. Шығыс өңірлерде қираған үй көп. Қазір үйінділерді аршу жұмыстары жүріп жатыр. Табиғат апатынан кейін бүкіл арал бойынша темір жол қатынасы тоқтады. Кейбір аудан тұрғындары жарықсыз қалды. Бұл кейінгі 25 жылда тіркелген ең қуатты зілзала болды. Енді Цунами қаупі бар.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через