Солтүстік Қазақстанда су тасқынымен көлге мыңдаған мөңке балығы келген

Солтүстік Қазақстанда су тасқынымен көлге мыңдаған мөңке балығы келген
фото: https://pixabay.com/ru/

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынымен көлге мыңдаған мөңке балығы келген.

Балықтар Әлпаш көліне құятын жерде жиналып қалған. Көлді жалға алып отырған кәсіпкердің айтуынша, балықты шелектеп жинап жүрген адамдардың видеосы кеңінен тарап кетті.

Оны көргендер жан-жақтан көлге келе бастаған. Қазіргі кезде балық аулау ережесін бұзатындарды жауапқа тартып жатыр.

"Бізде әкімдікпен рәсімделген меморандум бар. Оған сәйкес, жергілікті тұрғындар келіп, 5 келі балық аулай алады. Бірақ блогердің видеосы тарап кеткеннен кейін заңсыз балық аулау басталды. 250 келіден әкетіп жатқандар бар", - дейді фирма директорының орынбасары Александр Ухов.

ҚазАқпарат