фото: Фото: nbcnews.com
Солтүстік Корея АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония Әскери-теңіз жаттығуларына наразылық ретінде жаңа "Хаиль-5-23" ядролық суасты дрондарын сынақтан өткізді.
"Бұл жаттығулар біздің қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндірді. Бұған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс Академиясы жанындағы суасты қару-жарақ жүйелері институты Жапон теңізінің акваториясында "Хэил-5-23" суасты ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді", – деп хабарлады КХДР Қорғаныс министрлігі.
Ядролық қаруды тасымалдауға қабілетті су астындағы соққы дрондарын сынау жұмыстары елдің шығыс жағалауында жүргізілген.
Пхеньян "АҚШ Әскери-теңіз күштері мен олардың одақтастарының әрекетін тоқтатуды" жалғастыратынын ескертті.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через