Смартфонда көп ойнаған бала жазу дағдысынан айырылады

Смартфонда көп ойнаған бала жазу дағдысынан айырылады

Шетелдегі ғылыми орталықтардың оқымыстылары бүгінгі таңда жасөспірімдер жиі қолданатын гаджеттердің баланың дамуы мен денсаулығына қалай әсер ететінін зерттеген.  

Ата-анаға ой салар тағы бір зерттеу нәтижесі The Telegraph басылымындағы британдық мұғалімдер қауымдастығының мақаласында жарияланды.

Олардың мәлімдеуінше, планшетті компьютерде ұзақ уақыт бойы отырған бала екінші күні сабақты зейін қойып тыңдамайды, қала берді кәдімгі қағазға жазу дағдысынан айырыла бастайды.

Мамандардың сөзіне сенсек, планшетте көп ойнаған бала сабақта соны аңсап отырады. Яғни соған деген тәуелділік баланың ойына маза бермейді. Оған қоса, түрлі түсті дисплейге қарап үйренген бала ақ қағаздағы көк сияға, кітаптағы жазуға көз тоқтауы қиынға соғады.

Соған байланысты мамандар ата-аналарға балаларын қадағалауды ескертеді. Ал түнде жатарда үйдегі Wi-Fi желісін өшіріп қойған жөн дейді.

Фото: news.myseldon.com,