Сирень қашан гүлдейді?

Сирень қашан гүлдейді?

       Сирень немесе Мамыргүл – зәйтүндер тұқымдасына жататын бұталар тегі. Ол мамыр айында гүлдейтіндіктен, халық арасында «мамыргүл» деп те атайды. Биіктігі 3-3,5 метр. Табиғатта 30-дан астам түрі  мен 2300-ден астам мәдени сорттары бар.

       Гүлдері күлгін, сиякөк, көгілдір, қызғылт түсті болады. Гүлінің пішіні мен көлемі, түсі мен гүлдеу мерзіміне қарай ондаған түрі, жүздеген сұрпы бар.

      Күнді жақсы көреді. Алакөлеңкелі жерде де жақсы өсіп, ұзақ гүлдейді. Қураған гүлшоғырларын уақытылы  кесіп тастау керек. Себебі, гүлдеген бұталары келесі жылға жарамай қалады. Гүлдеп болғаннан кейін, гүлсабағымен қатар әлсіз бұталарын да түбінен кесу керек. Топырақ талғамайды, әкті жерде де өсе береді. Мамыр, маусым айларында топырағын құрғатып жібермей, суарып отырса молынан гүлденеді.

       Сирень жыл сайын тамырынан бірнеше жас өскін шығарады. Осы өскінді түбінен бөліп алып, тамырын жалғау арқылы жаз айларында көлеңке жерде, күзде ашық алаңда сабақтарын көбейтуге болады.

       Сондай-ақ оның бүршігінде, гүлінде және діңінің қабығында дәрілік қасиеттер бар. Қабығынан жасалған дәрілер арқылы адамдардың қызуын түсірген. Суыққа тоңып, тұмау тигізген адамдарды терлету арқылы емдеген. 

       Turkistan.kz