фото: pricom.kz
Талапкерлер, мектеп түлектері мамандықты қалай таңдайды? Жүрек қалауына құлақ аса ма, әлде ата-анасының айтқанынан шыға алмай ма? Бұлай дейтін себебіміз, қазіргі таңда мамандық таңдау кезінде қателесетін жастар баршылық.
Егер арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сүйенетін болсақ, жастардың 75,9%-ы жұмыссыз екен. Жүзге жуық респонденттердің 31,3%-ы жұмыспен қамту орталығына, 27,7%-ы интернет ресурстарына жұмысқа тұру мақсатында өтініш қалдырған. Осындай сауалнамаға қатысқан жастардың үштен бір бөлігі жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнында алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасудың қиын екенін айтқан.
Яғни жастардың 42,2%-ы білім алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді, 25,3%-ы таңдаған мамандығы бойынша жұмыс табу қиын деп санайды. Ал 71,1%-ы жұмысқа орналасуда кездесетін ең басты қиындық ретінде жұмыс тәжірибесінің жоқтығын алға тартқан.
Standard.kz порталының шығармашылық тобы да алматылықтармен осы тақырып төңірегінде тілдесіп қайтқан еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через