Сеулде қазақ ауылы пайда болды

Сеулде қазақ ауылы пайда болды
фото: https://sputnik.kz

Сеулде қазақ ауылы пайда болды

Сеулдің дәл орталығында киіз үйлер орнатылды. Азиялық фестиваль Сеулдегі ең көп баратын орындардың бірі – Ханганг өзенінің жағасындағы Йоуидо саябағында өтті. Мұнда вьетнамдық және қазақстандық павильондар қойылды.

Үш күн бойы Оңтүстік Корея астанасының тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның көрікті жерлерімен танысып, киіз үйді аралап, Шымбұлаққа виртуалды саяхат жасайды. Оларды нағыз ауылда Кореядағы қазақ диаспорасының өкілдері қарсы алды.

Қонақтарға бауырсақпен шай ұсынды. Балалар қағаздан киіз үй жасап, "Шымбұлақта шаңғы теуіп", домбыра мен қобыздың үнін алғаш рет естіді.

Ал кешке келушілер үшін "Тұран" ансамблі мен Әйгерім Әшімова өнер көрсетті.

Биыл Астана мен Сеул арасындағы мәдениет жылы болып жарияланды.


Мәтіндегі ақпарат туралы