Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы Кибер университеті кампусы алдына қойылған Абай бюсті Қазақстан мен Кореяның достығын нығайта түсетінін айтты."Сеул төрінде қазақ халқының ұлы перзенті, ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылды. Бұл - корей бауырларымыздың қазақ халқына деген зор құрметінің белгісі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бюст жобасы Қазақстанда дайындалып, тұтас мүсін Кореяда қоладан құйылған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через