Шетелге жұмыс іздеп барып, еркісіз қара жұмысқа жегілген қазақстандықтар саны екі азаматтан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Сырты істер министрлігінің мәліметінше, «Алтын ұшбұрыш» деп аталатын аймаққа тап болғандар көмек сұрап өтініш білдіргенмен, көбіне аты-жөнін жасырып қалуды сұрайды екен.
Бірнеше күн бұрын желіде қазақстандық екі азаматтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмысқа барып, біраз уақыттан бері елдегі ата-анасымен байланысқа шықпай қалғаны белгілі болған. Кейін 25 жастағы қарағандылық Исламбек Қазбеков пен тараздық Жарас есімді азаматтың «Алтын үшбұрыш» деп аталатын аймақта еріксіз жұмысқа жегілгені анықталды. Бұл Тайланд, Мьянма мен Лаостың шекарасында орналасқан аса ірі көлемде есірткі өндірумен және сатумен аты шыққан жер.
Жоғалғандардың бірі өзінің қайда және қандай жағдайда екенін айтып интернет порталға жазба жариялапты. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қос азаматқа байланысты Тайланд пен Мьянманың мемлекеттік органдарымен байланыстамыз деді. Бұл халықаралық-криминалдық топтардың ісі дейді ведомство өкілдері. Сондай-ақ, жоғалған екеуден басқа да азаматтар болуы мүмкін. Көпшілігі оны жасырғысы келеді. Көбіне күмәнді компаниялар қазақстандықтарды аудармашы боласың деп апарып, кейін қара жұмысқа салып қояды екен.
Басқа азаматтар да бар. Олар білдіргісі келмейді, осындай жағдайға түскенін. Оларға енді бізді естіп жатса, сіздерді оқып жатса, еш қорықпасын, өздерінің аты-жөнін айту керек. Қайда болғанын айту керек. Өйткені біз білмесек, көмектесе алмаймыз. 2022 жылғы маусым айының соңынан бері «алтын үшбұрыш» деп аталатын Оңтүстік Шығыс аумағында, ол Мьянма, Лаос және Тайланд елдері қазақстандықтардың еңбек құлдығында болуы жайлы жағдайдың жиілегені туралы атап өткен жөн.Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі.
Дереккөз ktk.kz. Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через