Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру қағидасына өзгеріс енгізіледі

Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру қағидасына өзгеріс енгізіледі

Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидасына өзгеріс енгізуді ұсынды.

Тиісті бұйрық «Ашық»  сайтында жарияланды.

Құжат «адам саудасының құрбаны» және «пана іздеген адам» терминдерімен толықты. «Уақытша тұруға рұқсат ұзарту мүмкіндігімен алты айға ресімделеді, бірақ үш айдан аспайды», - делінген құжатта.

Қызмет бабымен Қазақстанға келетін шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат белгіленген мерзімге ресімделеді. Егер оны ұзартатын болса, жалпы елде болу уақыты 1 жылдан аспауы тиіс.  

Бұйрықты ашық талқылау 22 қарашаға дейін жалғасады.

Фото: media-mig.ru