Шетел азаматтарының Қазақстанда тұру үшін ықтиярхат алуына мүмкіндік беретін кәсіптер тізімі бекітілді, деп хабарлайды Standard.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қолғау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін «Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұраныс бар кәсіптер тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Тізімге денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, ғылым және т. б. салаларда сұраныс бар 21 кәсіп кірген.
Тізімде қамтылған кәсіптері бар шетелдіктер өздерінің төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат ресімдей алады.
Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі.
Фото ortcom.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через