Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 8 ақпандағы бұйрығымен "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді.
Қызметті аумақтық полиция органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы немесе "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы көрсетеді.
ЖСН қалыптастыру үшін шетелдік немесе оның заңды өкілі келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы өтінішпен көші-қон полициясына жүгінуге және оған құжаттарды қоса беруге тиіс.
Мәселен, мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мынадай құжаттарды қоса беру қажет:
өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (егер тиісті тараппен немесе ҚР Үкіметі мен келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт). Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (Тегі, Аты, Әкесінің Аты), туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет;
нотариалды куәландырылған сенімхат (өкіл жүгінген кезде).
Портал арқылы жүгінген кезде:
Шетелдіктің өкілі ЭЦҚ-мен расталған электрондық сұрау салу;
Жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (егер тиісті тараппен немесе ҚР Үкіметімен келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт). Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (Тегі, Аты, Әкесінің Аты, туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет;
Өкіл жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
Өтініш берушінің немесе оның өкілінің ЭЦҚ-сын куәландыру.
Қазақстан Республикасы сотының бас бостандығынан айыруға үкімі бойынша сотталған шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және реттелмеген мәртебесі бар адамдарда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш негіз болып табылады.
Сонымен қатар, енді шетелдіктер ЖСН-ін түзету үшін жүгіне алады. Мұнда да жоғарыда айтылған тәртіппен, құжаттар қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (егер тиісті тараппен немесе ҚР Үкіметімен келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт). Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет;
орнату деректерін өзгерту туралы куәлік;
өкіл жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
ІІМ операторы келіп түскен өтінімдердің дұрыстығын тексереді және өтінім дұрыс болған жағдайда ЖСН қалыптастыру не түзету рәсімін жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болатын себептер:
ЖСН алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың немесе олардағы деректердің сәйкессіздігін анықтау;
Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтерге сәйкес келмеуі;
Өтініш берушіде бұрын тіркелген ЖСН анықталған жағдайда (ЖСН түзету жағдайларын қоспағанда).
«ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметті және қаржылық операцияларын жүргізу үшін кез келген шет мемлекеттің азаматы ала алады. Шетелдіктердің ЖСН алуына енгізілген өзгерістер қатарында ЖСН-ді түзету қызметі бар. Енді шетелдіктер ЖСН-ді түзету үшін де ХҚО-ға жүгіне алады. Сонымен қатар, шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет етіледі. Айта кетейік, Алматы ХҚО-лары 2022 жылы шетелдіктерден ЖСН қалыптастыруға 129 945 өтініш қабылдады. Оның 118 582-і берілді. 2023 жылдың қаңтар айында 22658 өтінім қабылданып, 13974 шетелдікке ЖСН берілді» - дейді Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR менеджері Жаңыл Әпетова.
Сонымен қатар ол, Алматыда ЖСН алу үшін жүгінуге болатын ХҚО-лардың мекен жайын атады:
Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, Жандосов көшесі, 51
Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, «Алғабас-1» ш\а, 5 үй, корпус-17
Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, Бөгенбай батыр көшесі, 221
Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, «Алмагүл» ш\а, 9а
Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, Марков көшесі, 44
Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, Алматы қ., Рихард Зорге к-сі, 9
Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, Серіков көшесі, 6А
Наурызбай ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі, «Шұғыла» ш\а, 222/5
Көші-қон бойынша ХҚО, Түрксіб ауданы, «Қайрат» ш\а, 181-182, ("Жетісу-Семиречье" базары, 2- қабат).
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Құжаттарды қабылдау күні Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Шетелдіктерге ЖСН беру жөніндегі өзгерістер туралы бұйрық 2023 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через