Қазақстандағы шетелдік көліктерді заңдастыру керек. Президент 1 қыркүйекке дейін алыс-жақын елдерден әкелінген машиналарды жаппай тіркеп, барлығынан бір реттік төлем алуды ұсынды. Ал оның құны 250 мың теңгеден аспауға тиіс.
Бірақ шетелде іздеуде жүрген, қылмысқа қатысы бар темір тұлпарларды тіркеуге рұқсат жоқ.
Мемлекет басшысы Қазақстанға көрші елдерден заңсыз жолмен көлік әкелетін пысықайларға тосқауыл қою керектігін де тапсырды. Себебі, Қырғызстан, Грузия, Ресей номерін тақан көліктер жүгенсіз кеткен. Бақылау болмаған соң жүргізушілер жауапкершіліктен де сытылып кетеді.
Еске салсақ, екі жыл бұрын ел аумағына кірген Армения көліктері тіркеуге тұрып, жаппай сары номер алған болатын. Әзірге өзге мемлекеттердің номерін таққан жүргізушілерге қатысты нақты қандай талап қойылатыны белгісіз. Алдағы уақытта ішкі істер министрлігі арнайы бағдарлама дайындап, тиісті ұсыныстарын айту керек, деп жазды ктк кз..
Фото: ainews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через