фото: https://sputnik.kz
Шетелдік көліктер 200-250 мың теңгеге рәсімделеді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр шетелдік нөмірмен жүрген көліктер қалай рәсімделетінін түсіндірді.
Мемлекет басшысы соңғы жолдауда 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге рұқсат берді. Бір реттік шара аясында утилизация мен алғашғы тіркеу үшін бірыңғай алым енгізіледі. Оның мөлшері 200-250 мың теңгеден аспауы керек.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, осы бастаманы іске асыру тиісті актілерді қабылдау керек.
"Мемлекет басшысы айтқандай бірыңғай төлемнің мөлшері 200-250 мың теңге болады. Біз тиісті шешімді әзірлеп, нормативтік актілерді қабылдаймыз. Соның негізінде президенттің тапсырмасы орындалады. Әзірше, тәртібі дайын емес. Кейін мемлекеттік органдар барлық ақпаратты таратады", - деді Скляр журналистерге берген сұхбатында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через