Шетелден әкелінген 100 мың көлік заңдастырылды

Шетелден әкелінген 100 мың көлік заңдастырылды

Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жалғастырып жатыр. 

23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өткен 200 мыңға жуық автокөлік иесінің өтініші мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады.

Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткенде ол қолданысқа енгізіліп, содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз, – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Фото inbusiness.kz.