фото: pixabay.com
Бір бақуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан:
- Құдай, маған кішкене өмір берші!, - деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Аллаһ Тағала əлгі қарияның көзіне көрініп:
- Пендем қанша өмір сұрайсың? - десе, əлгі қарт:
- Ағаш жапырақтарының санымен тең өмір сыйлашы? - депті, сонда Құдай:
-Жапырақтың санына адамға берілген өмірдің өзі жетпейді, - депті.
- Онда қанша бұтақ бар, соншама, - десе,
- Ол да болмайды, тым көп, - депті Аллаһ Тағала, сонда əлгі қария:
- Қанша өмір бере аласыз?, - деп сұраған екен.
- Өмірде қанша ағайының (бауырың, досың) бар, соншама өмір беремін - депті Аллаһ Тағала. Сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін ағайын, бауыр, дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен.
Өмір өтер, дүние артта қалар, ал ағайының, бауырың, досың бар болса жаныңнан табылар.
Мен сендей бауырларым болғаны үшін мақтанамын! Күнде көрiспесек те, көңiлiмiз ақ, ниетіміз түзу. Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі - бауырларым, ағайындарым - сіздер аман болыңыздар!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через