фото: https://pixabay.com/ru/
Волонтёрлер жергілікті атқарушы органдармен, төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз ынтымақтастықта көмек көрсетіп жатыр.
Ұлттық волонтерлік желі волонтерлік күштерді жалпы үйлестіру бойынша жұмысты жалғастыруда, волонтерлердің өңірлік фронт-офистері, сондай-ақ жергілікті жердегі серіктестік ұйымдар арқылы ақпарат жиналады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте "Ұлттық еріктілер желісі" заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Гүлжамила Камарова мәлімдеді.
Оның айтуынша, +7 708 706 42 42 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп жатыр. Азаматтардан ғана емес, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккендерден де өтініштер қабылданады.
"Біз тегін заң қызметін көрсету акциясын іске қостық. Кеңес алам деушілер осы нөмірге хабарласа алады. Жалпы, республика бойынша 43 000 астам волонтер мен ерікті жұмылдырылды. 16 өңірде гуманитарлық көмекті жинау, сұрыптау жөніндегі штабтарда 6 000 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Зардап шеккен аудандарға 4000 тоннадан астамы жіберілді", - деді спикер.
Волонтёрлер жергілікті атқарушы органдармен, төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз ынтымақтастықта көмек көрсетіп жатыр. Оның ішінде қаптарды инертті материалдармен толтыру, ТЖД-ға су басқан үйлерден су соруға көмектесу, эвакуацияланған халыққа, құтқару қызметінің қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ыстық тамақ, эвакуациялық пункттерде балалардың бос уақытын ұйымдастыру сияқты жұмыстарды атқарады.
https://sputnik.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через