Алматы облысындағы Сарқан ауданының білім бөлімі 1 кітап жиынтығын 57 млн 976 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ал оның орташа нарықтық бағасы – 670-2000 теңге аралығында.
Өрескел заң бұзушылықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Сатып алудың бірыңғай терезесі» веб-порталы арқылы анықтап, тоқтатты. Жедел әрекет ету нәтижесінде мемлекеттік мекеме сатып алудан бас тартты.
Антикоррупциялық қызмет өкілдері бес айда мемлекеттік мекемелерге осы тектес 47 ұсыным жолданған.
«Бес айдың қорытындысына сәйкес негізсіз сатып алу саласы бойынша 972 млн теңге бюджетке қайтарылды. Осыған орай біз мекеме басшылары мен мемлекеттік сатып алушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған семинарлар өткізіп жатырмыз. Танымдық сабақтарда заңнамалық және қаржылық сауаттылық арттыру нұсқаулықтарымен жіті таныстырдық», - деді облыстық департамент басқармасының басшысы Асқар Садықов.
Еске салсақ, департаменттің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 2021 жылы 10 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: cabnews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через