Ғарыштық мониторинг жүргізгенде шаһардың 298 жерінен заңсыз қоқыс алаңы анықталды.
Шаһардың айналасын күл-қоқысқа толтырған тұрғындардың өзі екен. Себебі, жұрт тазалыққа жауапты мекемелерге көк тиын төлегісі келмейді дейді қала басшылары. Соның салдарынан сегіз ықшамауданының айналасы күл-қоқысқа толған.
Атап айтқанда, Энергетик, Бобровка кенті мен Құс фабрикасы, Ескі әуежай аумағы адам көргісіз күйге түскен. Тіпті жаңа бой көтерген Қарағайлы шағын ауданын да қоқыс басқан. Ғарыштан көрінген тұрмыстық қалдықтар қазір тазартылып жатыр.
"Ғарыш сапары" мониторингі бойынша қаладан 298 қоқыс алаңы анықталды. Осы жұмысты атқаруға қаладан 11 мекеме жұмылдырылды. Жұмыстың біту уақыты 15 қарашаға бекітілді. Аян Бегалова, Семей қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы.
Дереккөз ktk.kz. Фото: news.myseldon.com, smartik.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через