Семей қаласының тұрғыны кеше сайлау учаскесінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.
ҚР Парламенті Мәжілісі және түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауында Семейдегі №93 сайлау учаскесінде ерекше жағдай болды. Жас жігіт көптің көзінше сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдірді.
«Бұл өмірімдегі ең ерекше күн. Болашақ жарыма көпшіліктің көз алдында шаңырақ көтеруге ұсыныс жасағым келді. Бәрі ойдағыдай болды. Қуанышымда шек жоқ!», - дейді семейлік.
Дауыс беруге келген басқа сайлаушылар жастарға бақыт тіледі.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото tengrinews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через