фото: sputnik.kz
Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын.
"Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында.Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды.Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған", - делінген хабарламада.
Айта кетері, облыста орман өрті оқшуаланды. Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через