Сегіз жастағы қазақстандық қыз FIDE халықаралық сыйлығын жеңіп алды

Сегіз жастағы қазақстандық қыз FIDE халықаралық сыйлығын жеңіп алды

фото: https://kursiv.kz

Сегіз жастағы қазақстандық қыз FIDE халықаралық сыйлығын жеңіп алды

Дилайла Сәдуақасова Халықаралық Шахмат федерациясының FIDE сыйлығын жеңіп алды.

«Қазақстан өкілі, сегіз жастағы Дилайла Сәдуақасова – «Азия құрлығындағы көрнекті инфлюенсер. Әлеуметтік желі жұлдызы» категориясы бойынша жеңімпаз атанды», – деп жазылған баспасөз хабарламада.

Қыз «Дилайланың шахмат хикаялары» атты мәдени-ағартушылық жобасын жасағаны үшін марапатталған. Онда ол шахматтан әлем чемпиондары туралы әңгімелейді. Марапатқа ие болған әйелдер арасында Дилайла жалғыз бала.


Мәтіндегі ақпарат туралы

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз