фото: sputnik.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шегіртке жайлаған Қостанай облысына барып, өңірдегі ахуалмен танысты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда Ақтөбе облысында да шегіртке қаптаған. Ал Ақтөбе облысында 8 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек жүр.
Айта кетейік, Қостанай және Ақтөбе облыстарында табын шегіртке жайлап кетті: итальяндық прус және азиялық шегіртке.
9 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында табын шегірткесінен өңдеуге жоспарланған 422,9 мың гектар жердің 356 мың гектарына жұмыс жүргізілді.
"Ақтөбе облысының аумағында 667,865 мың га жер өңделген, оның ішінде итальяндық прусқа қарсы – 646,965 мың га немесе болжамды өңдеу көлемінің 99,97%, азиялық шегірткеге қарсы – 20,9 мың га немесе болжамды өңдеу көлемінің 95,5%", - деп мәлімдеді ведомство.
Химиялық өңдеулерді жүргізу үшін Қостанай облысында 9 желдеткіші бар сепкіш, 3 ұшақ, 6 дельтаплан, 13 аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды.
Ақтөбе облысында 56 арнайы сепкіш техника, оның ішінде 19 желдеткіші бар сепкіш, 19 аэрозольді газ генераторы, 8 аса жеңіл авиация кемесі және 10 ұшақ бар.
Жалпы республика бойынша италиялық шегірткеге қарсы өңдеу 1,2 млн гектарға немесе 92,3%-ға жүргізілді.
Жұмыстар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толық аяқталды.

Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через