фото: sputnik.kz
Маңғыстау облысының тұрғындары қаптап кеткен шегірткені видеоға түсіріп алды. Жергілікті инспекция қауіп жоқ екенін мәлімдеді.
Көлік жүргізушілері қаптаған шегірткені Құрық ауылы мен Ақтауға жақын жерде түсіріп алған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жергілікті инспекциясы шегірткенің Маңғыстау облысына жеткенін растады.
Фитосанитарлық диагностика мен болжам жасау республикалық орталығы да көшпелі (азиялық) шегірткені тіркеді. Ал мониторинг кезінде бұл жәндіктің 50,3 гектарға тарағаны анықталды. Осыған байланысты фитосанитарлық өңдеу шаралары жүргізіледі.
"Қауіп жоқ. Фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ", - дейді мамандар.
Айта кетері, бұған дейін Ақтөбе облысында 670 мың гектар жерге шегіртке жайылған. Сол кезде мамандар шегірткенің екі түрі - италиялық прус пен азиялық шегірткенің тіркелгенін хабарлады. Одан кейін Қостанай облысындағы екі ауданда шегіртке қаптап кетті. Үкімет мәселені бақылауға алғанын мәлімдеді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через