фото: sputnik.kz
Алматы көшелерінің бірінде әйел адамды танысы соққыға жықты, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Абай және Саин көшелерінің қиылысында болған. Ер адамның аяусыз сілтеген жұдырығынан әйел құлап түсті. Жанжал бейнекамераға түсіп қалған.
"Алматы қаласы полиция Департаменті Әуезов аудандық полиция басқармасына Алматы қаласының тұрғыны арызданды. Әйелдің айтуынша, 1992 жылы туған ер адам оны себепсіз ұрып-соққан. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - дейді ведомстводағлар.
Полициядағылардың айтуынша ер адам әйелдің танысы болған. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Ер адам ұсталды, полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через