Шахтинскідегі апат: Шахталарды улы қалдықтан залалсыздандыру 25 жыл бойы жүргізілмеген

Шахтинскідегі апат: Шахталарды улы қалдықтан залалсыздандыру 25 жыл бойы жүргізілмеген

25 жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шахта қабаттарында улы заттарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына көмір шахталарының тау-кен қазбаларын қауіпсіз күйде ұстап, оларды желдетіп әрі қауіпсіздік бойынша технологиялық жұмыстарды жүргізетін қызметкерлердің штатын жасақтау қажет. Сонымен қатар, қажетті жабдықтарды белгіленген мерзімде уақтылы ауыстыруы тиіс. Яғни, бекітілген негізгі желдету құрылғыларын пайдалану мерзімі - 14 жыл. Қазіргі кезде мұнда 1970-1980 жылдардан бастап қолданылып келе жатқан желдеткіштер апатты жағдайда тұр», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Ленин атындағы шахтада болған апаттың барлық себептері тергеу қорытындылары бойынша анықталаталады.

Құзырлы орган мәліметінше, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жылына бір рет жүргізіледі. Тексеру жұмыстарының мерзімі бұрын 30 күн болса, қазір ол 15 күніне дейін қысқартылған. Комитет ақпаратына қарағанда, жыл сайын жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындар саны артып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулерді жүзеге асыратын инспекторлық құрам штаты қысқарған.

Атап айтқанда, 1640 адамнан қазіргі таңда 381 қызмекткер ғана жұмыс істейді.

Фото: www.inform.kz