«Саусақ пен мойынды қытырлату зиян ба?». Травматолог жауабы

«Саусақ пен мойынды қытырлату зиян ба?». Травматолог жауабы

       Ортопедиялық тұрғыдан алғанда, саусақтарды қытырлату уақыт өте келе денеде қандай да бір тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін.

       Белгілі қазақстандық дәрігер, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан травматологтар қауымдастығының вице-президенті Қанат Тезекбаев буындарды қытырлату зиян ба, деген сауалға жауап берді.

       Травматологтың айтуынша, саусақтарды қытырлатудың ауыр зардаптары туралы тікелей дәлелдер жоқ, бірақ теориялық тұрғыдан мұндай әдет буындар мен сүйектерге кері әсер етуі мүмкін.

       "Адамдарда саусақтарын қытырлатып немесе мойнын оңға-солға айналдырып, қозғалыс жасайтын әдеті бар. Содан кейін жеңілдеп қалғандай сезінесің. Ортопедиялық тұрғыдан алғанда, саусақтарды қытырлату уақыт өте келе денеде қандай да бір тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Себебі сүйектер бір-біріне үйкеліп, қажалады. Уақыт өте келе адамдардың өзі бұл әдеттен алыстайды деп ойлаймын", - деді Қанат Тезекбаев.

       Tengrinews.kz