фото: inbusiness.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов жеке куәлік алар кезде саусақ ізін тапсыру шарасы ерікті болатынын айтты.
Оның сөзінше, саусақ ізін тапсыру шекарадан өткен шетелдіктерге ғана міндетті болмақ.
«Иә, сондай шешім қабылданды. Заң жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр. 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап азаматтардың саусақ ізін ерікті негізде тапсыруын ерікті ету мәселесі қаралып жатыр. Шетелдіктерге бұл міндетті. Ал ішкі құжаттандыру кезінде бұл шара ерікті негізде болады», - деді Сәкен Сәрсенов.
Бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны туралы хабарланған болатын.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через