Сауд Арабиясында қар жауды

Сауд Арабиясында қар жауды

Сауд Арабиясының бірнеше аймағында күтпеген жерден қалың қар жауып, бұршақ түсті, деп хабарлайды Euronews агенттігі.

Әсіресе Эль-Баха округінде басқа өңірлерге қарағанда көлемді қар түсті. Біраз жолдар жабылып, көліктер қар құрсауында қалып қойды. Қардан тазарту үшін ауыр құрылыс техникасын жұмылдыруға тура келді.

Эль-Баха білім департаменті мектеп оқушыларын бірнеше күн үйде болып, қашықтан оқуға шақырды. Себебі оқушылар мен ұстаздардың оқу орнына жетуі қиын болып тұр.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото hvylya.net