Сатып алушы карта арқылы төлем жасағысы келсе, сатушы бас тартпауы керек

Сатып алушы карта арқылы төлем жасағысы келсе, сатушы бас тартпауы керек

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сатушы қандай жағдайда тауар немесе қызмет ақысын төлем картасы арқылы алудан бас тартуы мүмкін екенін айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстан заңнамасында сатып алушыға картамен төлеу мүмкіндігін ұсынуы тиіс кәсіпкерлік қызметтің 14 түрі бар. Олар POS-терминалды қолдануға міндетті. Норманы бұзғаны үшін тиісті әкімшілік жауапкершілік бар. 

«Сатып алушы карта арқылы төлем жасағысы келсе, сатушы бас тартпауы керек. Ол өзге төлем жүйесін ұсынбауы тиіс. Әрине, техникалық ақау болуы мүмкін, бірақ жүйелі түрде олай болмауы қажет. Мұндай жағдайлар анықталған кезде дер кезінде әрекет етуге тырысамыз», – деді Сұлтанов брифингте.

Ол тұтынушылардың құқығын қорғау министрлік қызметі бағыттарының бірі екенін айтты.

Sputnik Қазақстан