Шашқа меланоцит жасушалары шығаратын мелатонин түс береді
Денсаулығы мықты адамдардың шашы ерте ағара қоймайды, көбінесе пигментация денсаулығы сыр бергенін аңғартады, дейді дерматовенеролог, трихолог Денис Барбинов.
Кейде ата-ана алғашқы ақ шашты балада да көріп қалуы мүмкін. Бірақ бұл өте сирек жағдай, көбінесе 30-40 жаста шашқа ақ түседі. Көптеген жылдар бойы ғалымдар бұл немен байланысты екенін анықтауға тырысты.
Нақты жауап беру әлі де қиын, бірақ шашқа ерте ақ түсуі тұқымқуалаушылық болмаса, трихологқа барған жөн.
Біздің шашымызға меланоцит жасушалары шығаратын мелатонин түс береді. Пигмент азайған кезде шаш біртіндеп түссіздене бастайды. Егде жастағы адамдарда ақ шаш меланоциттердің табиғи қартаюынан болады, ал жас адамдарда әртүрлі жағдайларға байланысты жасуша белсенділігінің төмендейді.
Тұқымқуалаушылық
Жас 25 жасқа дейін ағарса, ерте болып саналады. Генетика мен ақ шаштың байланысын қазіргі ғылыми зерттеулер растайды. Ұлыбритания ғалымдары меланин өндіруге қатысатын арнайы IRF4 генін тапты.
Гормоналды ақ шаш
Эндокриндік жүйе, ең алдымен қалқанша безі де меланоцит жасушаларының жұмысын реттейді. Сондықтан қалқанша безінің кез-келген бұзылуы меланин деңгейінің төмендеуіне және шаш пигментациясының жоғалуына әкелуі мүмкін. Қалқанша безінің гормондарын бағалау керек.
Аутоиммунды аурулар
Шаштың ерте ағаруы аутоиммунды ауру салдары болуы мүмкін. Мысалы, целиакии ауруы — глютенге төзбеушілік. Меланиннің жетіспеушілігі сонымен қатар адамдарда "таз дақтар" пайда болатын алопециямен қатар жүреді. Шаш қайта өссе де, түсін сақтау қиындау.
Ауыр дерт
Ерте ақ шаш көбінесе витилиго - тері пигментациясының бұзылуы бар науқастарда байқалады. Нейрофиброматоз - ісіктердің дамуымен және теріде қоңыр дақтардың пайда болуымен қатар жүретін тұқым қуалайтын ауру.
Витамин мен микроэлемент тапшылығы
Темір;
кальций;
мыс;
мырыш;
сондай-ақ B және D тобының витаминдері.
Дәрі қабылдау
Ақ шаш кейбір дәрі-дәрмекті қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін. Әдетте, бұл жағдайда терапия аяқталғаннан кейін бірнеше ай ішінде шаштың түсі қалпына келеді.
Стресс
Стресс кезінде қанға адреналиннің көп мөлшері түседі. Бұл гормон меланиннің шаштың ақуыз құрылымына әсерін тежейді, сондықтан пигмент сіңуін тоқтатады. Сонымен қатар, стресс салдарынан шаш түседі. Біз шашты қаншалықты көп жоғалтсақ, меланоциттер соғұрлым белсенді жұмыс істеуі керек және олар тезірек тозады. Стресс кесірінен түскен шаштар ақ болып өседі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через