Күнделікті түсетін шаш саны шамамен 150-ден артса, трихолог дәрігерге қаралу қажет.
Алопеция грек тілінен аударғанда "шаштың түсуі" деген мағынаны білдіреді. Бұл терінің белгілі бір бөлігінде қандай да бір себепке байланысты түктердің азаюы. Шаштың түсу қарқыны әркімде әртүрлі болады.
Әр шаш фолликулдан өсіп шығады. Алғашқы 5 жылға созылатын анаген кезеңінде шаш белсенді түрде өседі. Келесі ең қысқа төрт аптаға созылатын катаген фазасында шаштың өсуі толық тоқтайды. Фолликул "ұйқыға кеткеннен" кейін телоген фазасы басталады. Бұл кезеңде фолликул демалады. Шаш 6-8 аптадай фолликулда тұрақтап, кейін түсіп қалады. Ары қарай осы фаза қайталанады.
Күнделікті 80-150 шаш түседі. Егер шаш тым көп түсетін болса, трихолог дәрігерге қаралған жөн. Осы орайда, Ясин дәрігер әлеуметтік желідегі парақшада шаш күтімі туралы кеңесін бөлісті.
"Қазір отбасылық проблемалар себебінен туындаған күйзеліс пен экология да теріс әсерін тигізіп жатыр. Сіз шаш түсуін уақытша тоқтататын сусабын табуыңыз мүмкін. Алайда шаш түсуінің нақты себебін анықтамасаңыз, қалғанының әсеру уақытша ғана болады", – дейді дәрігер Ясин Курайш.
Маманның айтуынша, шаш көп жағдайда келесі себептерге байланысты түседі:
- Д дәруменінің жетіспеушілі мен шаш бояуындағы зиянды химикаттар;
- химиялық препараттарды көп мөлшерде пайдалану;
- гормондар мен эндокриндік жүйенің бұзылуы;
- қан аздығы мен темір жетіспеушілігі;
- ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуы;
- бауырдың сүзіп алған дәрумендерді шашқа жеткізе алмауы;
- тері аурулары.
Осы орайда, ол шаш түсуін алма сірке суының көмегімен қалай тоқтатуға болатынын айтты. Оның сөзінше, 3 немесе 6 пайыздық алма сірке суы тері асты қабаттардағы бактериялар мен саңырауқұлақтарды жояды. Мұнымен қатар, шашқа керек дәрумендер алма сірке суында бар. Оны қолданған уақытта шаштың жылтырау себебі де осы.
Бірінші тәсіл. 1 литр қайнаған жылы суға 50-100 грамм алма сірке суын қосып, шашты жуасыз. Кейін араға екі сағат салып сусабынмен шайып тастау қажет. Осылай 2-3 аптада бір рет қайталаңыз.
Екінші тәсіл. 50 грамм зәйтүн майына 10-15 грамм алма сірке суын қосып, аптасына үш рет шашқа жағасыз. 15 минут бойы басқа массаж жасап, кейін сусабынмен шайып тастау қажет.
ҚзАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через