Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға

Шарын шатқалындағы  қайғылы оқиға

        

                       Шарын шатқалындағы  қайғылы оқиға

            Шарын каньонында оқушы қызды құтқару туралы видео тарады. Баланың жағдайы орташа ауырлықта. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Шарын каньонында  жоғалып кеткен 11 жастағы мектеп оқушысын құтқару туралы видео жариялады, деп хабарлайды BaigeNews.kz.

            Видеода Зеренің өзі ( қыздың есімі) - сол сұмдық күннің егжей-тегжейімен бөліседі. Бұрын хабарланғандай, қыз 30 мамыр таңертең табылды. Оның аяқ-қолының көгерген және жырылған жерлері бар, алайда баланың жағдайы тұрақты, орташа деп бағаланды.

            "Қыз бастапқыда тастан ұстап тұрған. Көп су келгенде оны ағызып әкеткен. Ол лай суда малтыған. Көзін, аузын жауып алған. Суда жай қалықтап жатқан. Аяғын ұрып алыпты – алдын ала мәлімет бойынша еш жері сынбаған. Кейін бір тастан ұстап үлгерген, үш шақырымдай қалқыған, содан кейін жағаға шыққан. Содан соң тауға шықпақ болған, алайда тау биік, тіпті ересек адам да шыға алмайды. Ол бір рет құлап түскенін айтты. Сол жерде күткен. Ал кешке қарай ұйықтап кеткен, таңертең ол табылды", - деді  Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

             Оның айтуынша, таңертең қызметкерлердің бірі қызды байқаған, құтқарушылар таудан арқанмен түсіп, баланы тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізген.

             Естеріңізге сала кетейік, Шарын каньонындағы қайғылы оқиға 29 мамырда болған. Балшықтың ағызу нәтижесінде студент пен мұғалім қаза тапты, алтауы жарақат алды.

              Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, экскурсияға барғандардың арасында сегіз мектеп оқушысы - Алматы қаласындағы No199 гимназияның оқушылары болды. Олардың жанында оқушылардың бес ата-анасы және үш мұғалім болды. Оқиғаға байланысты Білім министрлігі үндеу жариялады. Сілтеме: https://baigenews.kz/ Суреттің оқиғаға еш қатысы жоқ.