Шарын шатқалында әйел жартастан құлап кетті

Шарын шатқалында әйел жартастан құлап кетті
фото: sputnik.kz

Алматы облысының құтқарушылары Шарын шатқалында жартастан құлаған Ресей азаматын құтқарды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 20 тамызда болған.

"Түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1990 жылғы Ресей азаматын жартастан эвакуациялады. Әйел Ұйғыр ауданында Шарын шатқалындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған", - дейді ведомстводағылар.

Ресейлік Шарын шатқалына 19 тамыз кешкі алтылар шамасында Алматыдағы достарымен бірге келген.

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 07:17-де әйел құтқарылды.

Алматы облыстық ТЖ департаменті азаматтарды серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Қазақпарат