фото: Фото:do.rea.ru
Сапасыз интернет үшін байланыс операторларына айыппұл салынды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин журналистердің интернет сапасы үшін байланыс операторларына салынатын айыппұл туралы сұрақтарына жауап берді.
«Жыл басынан жаңа айыппұлдар енгізілгеннен қыркүйек айына дейін 700-ге жуық тексеріс жүргізіліп, 180 млн теңгеге айыппұл салынды», – деді спикер.
Қыркүйектен бастап депутаттардың шешімімен, айыппұл көлемі 10 есе өсті. Енді қайталама бұзушылық үшін айыппұл 1500 АЕК-ті құрайды. Ал бұрын 150 АЕК болатын.
«Сәйкесінше, қыркүйек айынан бүгінге дейін 300-ге жуық тексеру жүргізіліп, оның негізінде 300 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Яғни, бақылау шараларын күшейтіп, бірқатар заңнамалық бастамалар ұсынатын боламыз», – деді министр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через