фото: 2020about.com
Елдегі үш ірі ұялы байланыс операторына сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.
Былтыр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 800-ге жуық тексеріс жүргізді. Салынған айыппұлдың тең жартысы бюджетке түскен.
Министрлік интернет желісі мен мобильді байланыстың сапасын арттыру мақсатында ұдайы бақылау жүргізіп келеді.
2022 жылы 1200-ге жуық тексерістің нәтижесінде 1,6 млрд теңге айыппұл салынған.
«Бұл шаралар операторлардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етіп отыр», - дейді ведомство өкілдері.
Дереккөз 24.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через