фото: https://pixabay.com/ru/
Қытай билігі Шанхайда халықаралық іскерлік ынтымақтастық аймағын салу жоспарын бекітті. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің қаулысында айтылған.
Мәлімдемеде атап өтілгендей, халықаралық іскерлік ынтымақтастық аймағын салу жоспары қаланың халықаралық авиациялық торап ретіндегі мәртебесіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Құрылыс жоспары:
- Қытайдың (Шанхай) пилоттық еркін сауда аймағының институционалдық инновациялық жетістіктерін тиімді пайдалану;
- халықаралық іскерлік коммуникациялар үшін өте қолайлы жағдайлар жасау;
- ашықтықты жоғары деңгейде ілгерілетуге үлкен үлес қосу үшін ішкі және халықаралық нарықтардағы байланысты жақсартуы тиіс.
Шанхай муниципалитетінің хабарламасына сәйкес, жоба ірі ұлттық авиация мен теміржол тораптарын, қалалық теміржол мен метрополитенді байланыстыратын мультимодальды хабты қалыптастыруға бағытталған. Бұл Янцзы өзенінің жайылу (дельта) аймағының интеграциясына ықпал етіп, сондай-ақ Шанхайдың жаһандық ықпалы бар заманауи халықаралық мегаполис құру жөніндегі күш-жігерін жеделдетеді.
Шанхай - 25 млн халқы бар ірі мегаполис. 2023 жылы қаланың ЖІӨ 4,72 трлн юаньға (шамамен 660 млрд доллар) жетті.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через