фото: https://turkystan.kz
Жуырда әлеуметтік желіде индонезиялық Санти Шуберттің қазақша жаңылтпашты мүдірмей жатқа айтқан видеосы тараған болатын. Сантидің TikTok-тағы жеке парақшасына жүктелген бұл видео 10 миллионнан астам қаралым жинаған. Индонезия астанасы Джакартада тұратын, әлеуметтік желіні белсенді қолданатын ол қазақша жаңылтпашты айтуға қолданушылары итермелегенін айтады. Қызық үшін түсірген видеосы қазақтілді оқырмандар арасында ықыласқа бөленген болатын.
Санти Шуберт 1995 жылдың 12 сәуірінде Индонезия астанасы Джакартада дүниеге келген. Отбасында екі қыз бала. Ол FMCG компаниясында дижитал маркетинг жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген. Онда компанияның түрлі әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын жүргізеді. Әлеуметтік желіде белсенді болғандықтан, желідегі достары оған жаңылтпаш айтудан жарысқандардың видеоларын жібере бастайды. Ол видеолар индонезиялықтар ішінде кең таралған. YouTube платформасына жүктелген сол видеолардың бірінде қазақстандық дикторлардың студияда отырып жаңылтпаш айтқаны бейнеленген. Олардың мұнысына таңғалып, «Олар мұны қалай жаңылыспай айтады?» деп аңтаң болады. Оны қызықтырған тағы бір мәселе, әлгі видеоны көрген соң «Олар әдетте мұны эфир басталмай тұрып істей ме сонда?» деген ой маза бермей қояды. Кейін мені бұрыннан бақылайтын қазақстандық қолданушылардың бірінен сұрағанда, олар анық сөйлеу үшін әрі сөйлеу тілін дамыту үшін жаңалықтар басталғанға дейін осылай жаңылтпаш оқиды» деп жауап берді. Осылайша, қазақша жаңылтпаштарды мен де қайталай бастадым. Негізі, жаңылтпаштарды жиі қайталаудың пайдасы көп. Өзге тілдегі жаңылтпашты мүдірмей айтып шығамын деп Санти біраз қызыққа да «батқан».
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через