фото: https://sputnik.kz
Шәмші Қалдаяқовқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды.
"Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа (марқұм) жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - делінген жарлықта.
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Халқын сүйген, халқы сүйген сазгер 1992 жылдың 29 ақпанында көз жұмды.
Шәмші Қалдаяқов артынан 300-ге жуық ән жазып қалдырды. Сырға толы, мұңға толы нәзік, ырғақты әндері қазақ даласын алақанына салып аялап, әлі де тербетіп келеді.
Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через