Самокат тізгіндейтіндердің жасы 16-дан кем болмауға тиіс деген ереже бекітілуі мүмкін.
Алматы қаласының полиция департаменті «Жол жүрісі туралы» заңға ұсынылған өзгерістер қабылданса, бақылау қатаңдайтынын жеткізді. Өйткені аталмыш электр құралды пайдаланатындардың қатысуымен жол көлік оқиғасы күрт артқан.
Мәселен, жыл басынан бері самокат себеп болған 22 жол апаты тіркеліпті. Соның салдарынан 23 адам жарақат алып, тіпті жас қыз қаза тапты. Қосақтап мінгесіп алатындар да айналадағы адамдарға қауіп төндіреді. Жаңа ережелерге сәйкес, жылдамдығы 25 шақырымнан аспайтын құралдарға ғана жаяу жүргіншілер жолымен жүруге рұқсат берілмек. Ал жылдамдығы 50 шақырымнан асатын самокатты басқару үшін мопед секілді А1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет. Сайып келгенде мұның бәрі жолдағы қауіпсіздік пен тұрғындардың сақтығы үшін бағытталған.
Электрсамокат жалпы біздің тұрмыстіршілігімізде жаңа транспорт. Сондықтан жол жүру заңнамасына өзгертулер енгізіледі. Сол кезде барлық норма жіті талданып, аталып өтетін болады. Жас мөлшері, жылдамдығы, оның двигателінің күші – барлығы есепке алынып түсіндірілетін болады. Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі.
Деереккөз ktk.kz. Фото: exk.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через