фото: https://turkystan.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1-сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетінін еске салды.
Комитет мәліметінше, көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында есептеуге болады.
Сонымен қатар салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.
Есептелген салық сомаларын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының «Электронды сервистер» – «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через