Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін бірқатар мектептің спорт алаңы жаңғыртылатын болады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада бұқаралық спорттың қалай дамитынын айтты.
"Балаларды дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдануға баулимыз. Ол үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз", - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, өткен оқу жылында мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғырту аяқталады.
"Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар", - деп атап өтті әкім.
Сағынтаевтың сөзінше, мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жалғаса береді.
Дереккөз: https://sputnik.kz/s
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через