фото: sputnik.kz
Қонаев қаласының жетімдері Рим-католик шіркеуінде тәрбиеленеді. Бұл мәселе Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингте талқыланды.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өткен жиында өңір журналистері облыстың әр аумағындағы мәселелерді көтерді. Журналистер Қонаев қаласында мемлекет иелігіне қарайтын жетімдер үйінің жоқтығын айтты. Ал қаладағы жетімдерге арналған мекеменің Рим-католик шіркеуі маңынан ашылған. Яғни барлық бала миссионерлердің тәрбиесінде. Онда ұлттық , мемлекеттік мерекелер тойланбайтыны бұл шаралар демеуші табылған жағдайда ғана аталып өтетіні айтылды.
«Жетімдер мәселесі расымен күрделі. Алматы қаласында Білім басқармасына қарасты жетімдер үйі бар. Шіркеу маңындағы балалар үйінің ашылуына өз басым аса мұқият қараймын. Сол себепті бұл мәселені өз назарыма алып, анық-қанығына тексеретін боламын. Ол жерге келушілер кім? Қандай балалар тәрбиеленіп жатыр. Тәрбие қандай форматта жүргізіледі және қандай дәстүрді ұстанады? Барлығын анықтап, мүмкіндік болса, жетім балаларды арнайы жетімдер үйіне көшіреміз», деді әкім.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через